Үш адамның өліміне себепші болған «Актовегин» дәрісін қайта қолдануға рұқсат етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үш адамның өліміне себепші болған  «Актовегин» дәрісін қайта қолдануға рұқсат етілді

Үш адамның өліміне себепші болған «Актовегин» дәрісін қайта қолдануға рұқсат етілді

Бір айға созылған тексеруден соң елімізде «Актовегин» дәрісін қолдануға рұқсат берілді. Ақтөбеде 3  науқастың өлімінен соң бұл препараттың сапасына мамандар күмәнмен қараған болатын. 

  • 13 Мамыр 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz


Австрияда шығатын дәріні зерттеген ұлттық сараптама орталығы ешқандай кінәрат таппаған. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі тыйым салуға еш негіз жоқтығын айтады. Естеріңізге сала кетелік, Ақтөбедегі емханалардың бірінде «Актовегин» тамшысымен егілген соң үш зейнеткер қайтыс болған еді. Тағы бір науқас ауыр халде облыстық ауруханаға түскен. Енді дәрінің сапасынан мін таба алмаған соң, науқастардың неден өлгені жұмбақ болып қалды.