Қызылжарда қызылша қайта өршіді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда қызылша қайта өршіді

Қызылжарда қызылша қайта өршіді

Қызылжарда қызылша қайта шығып жатыр. Қауіпті кесел өңірде 10 жылдан бері тіркелмеген екен. Ал биылдың өзінде 60 адам дәрігерлер көмегіне жүгініпті. Оның үшеуі емшектегі балалар.

  • 13 Мамыр 2014
  • 184
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің айтуынша, қызылшаға шалдыққандар ауруханаларға наурыз бен сәуір айларында түсе бастаған. Сырқаттың араға он жыл салып қайта қозуын мамандар Европа мен Ресейдегі жағдаймен байланыстырып отыр.  Бұл елдерде қызылшаға қарсы егу біздегідей емес, ерікті түрде жүргізіледі екен. Осының әсерінен кәрі құрлықтағы дерт Қазақстанға да жеткен. Қазір мамандар қызылшаға қарсы егілмеген адамдарды анықтап жатыр. Ол үшін қаладағы оқу орындарының жатақханалары тексерілуде. Бала кезінде екпе жасатпағандарға арналып, қазіртек Қызылжар өңіріне 9 мыңға жуық вакцина жеткізілген.


Юрий Пузиков, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары:

— Бүгінде 30 жасқа дейінгі 1810 адамды қызылшаға қарсы ектік. Тағы алты мыңға жуық жан анықталып жатыр. Ол үшін үй-үйді аралап, тұрғындардың медициналық картасын тексеріп жатырмыз.