Батыс Антарктида мұздықтарының еруі әлемдік мұхиттардағы су деңгейін 4,5 метрге көтереді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Антарктида мұздықтарының еруі әлемдік мұхиттардағы су деңгейін 4,5 метрге көтереді

Батыс Антарктида мұздықтарының еруі әлемдік мұхиттардағы су деңгейін 4,5 метрге көтереді

Таяу жүзжылдықта Антарктиданың батыс бөлігіндегі мұз құрсауының еруі  әлемдік мұхиттағы су деңгейінің шамамен 15 фунтқа (4,5 метр) көтерілуіне соқтырад

  • 13 Мамыр 2014
  • 913
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы дүйсенбі күні таратылған NASA және Калифорния университеті ғалымдарының баяндамасында айтылады.

Баяндама авторларының түсіндіруінше, Антарктиданың батыс бөлігіндегі мұз қабаттарының тоқтаусыз еру үдерісі  бәрінен бұрын климаттың  ғаламдық жылынуы мен Антарктида үстіндегі озон қабатының тесілуі салдарынан туындап отыр. Бұлар Антарктидадағы желдердің өзгеруіне әкеп соқтырса, ол өз кезегінде  аймақтағы су температурасынң жоғарылауына алып келді.


Айта кетер жайт, NASA зерттеуі соңғы 40 жыл бойы жүргізілді.

Дегенмен ғалымдардың пікірінше, мұздың еру үдерісі бірнеше жүз жылға созылады.