Қызылжарда қауіпті кесел өршіп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылжарда қауіпті кесел өршіп тұр

Қызылжарда қауіпті кесел өршіп тұр

Қызылжарда қызылша қайта шығып жатыр. Өңірде 10 жылдан бері тіркелмеген қауіпті кеселге шағымданып биылдың өзінде 60 адам дәрігерлер көмегіне жүгініпті. Оның үшеуі - жас сәбилер. 

  • 13 Мамыр 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz


Дәрігерлердің айтуынша, қызылшаға шалдыққандар ауруханаларға наурыз бен сәуір айларында түсе бастаған. Сырқаттың араға сонша жыл салып қайта қозуын мамандар Еуропа мен Ресейдегі жағдаймен байланыстырып отыр. Бұл елдерде қызылшаға қарсы егу ерікті түрде жүргізіледі екен. Осының әсерінен дес бермеген дерт Қазақстанға да жеткен, деп хабарлайды КТК.

Қазір мамандар қызылшаға қарсы егілмеген адамдарды анықтап жатыр. Ол үшін қаладағы оқу орындарының жатақханалары тексерілуде. Бала кезінде екпе жасатпағандарға арналып өңірге 9 мыңға жуық вакцина жеткізілген.

«Бүгінде 30 жасқа дейінгі 1810 адамды қызылшаға қарсы ектік. Тағы алты мыңға жуық жан анықталып жатыр. Ол үшін үй-үйді аралап, тұрғындардың медициналық картасын тексеріп жатырмыз», — дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Юрий Пузиков.