«Тоқтаусыз соғып тұрған желдің салдарынан ондағы су толқыны күшейіп, бөгетке ұрып, осал тұстарына қауіп төндірді. Жел бәсеңсіген соң ғана қауіптілігі төмендеді. 20 текше метр су «Тастақ» арнасына жіберіліп, қоймадағы су деңгейі төмендетілуде», — деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен.
Дегенмен қауіптің алдын алу мақсатында ол жерге 10 «КамАЗ» тас, 2 жүк тиегіш техника жеткізіліп, облыстық «Қазсушар» мекемесінің мамандары, аудан әкімі, тиісті сала басшылары жағдайды бақылауға алды.
«Қазіргі күні ауыл тұрғындарына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — дейді аудандық су шаруашылығының басшысы Ә.Ахметов.