Ақтауда оқ тиіп жарақаттанған 7 жасар бала табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда оқ тиіп жарақаттанған 7 жасар бала табылды

Ақтауда оқ тиіп жарақаттанған 7 жасар бала табылды

Ақтау қаласындағы шағынауданда үйлердің бірінің артынан оқ тиіп жарақаттанған 7 жасар бала табылған, деп хабарлайды Тумба.kz.

  • 13 Мамыр 2014
  • 644
Фото - Caravan.kz


«Куәгерлер жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем бригадасы баланы дереу ауруханаға жеткізді», — делінген хабарламада.

Облыстық балалар ауруханасынан хабарлағандай, оқ баланың кеуде тұсынан тиген. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Баланың жалпы жағдайы туралы әзірге мәлімет берілген жоқ.

Оқиға орнында Ақтау қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің тергеу тобы жұмыс жасауда. Тәртіп сақшылары әзірге оқиғаның мән-жайына қатысты еш түсінік бермеді.