Тойға бала ертіп барған дұрыс па? - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тойға бала ертіп барған дұрыс па?

Тойға бала ертіп барған дұрыс па?

«Айқын» газетінің жазуынша, бірқатар қазақ басылымдары біраздан бері «той-томалаққа келетін адамдарға жас ерекшеліктеріне қарай шектеу қою» мәселесін көтеріп жүр.

  • 13 Мамыр 2014
  • 837
Фото - Caravan.kz

Өйткені әдепке жүгінген той иесі өз қонақтарының қаптатып бала ертіп келуіне тыйым сала алмайтыны мәлім.  Осындай думанға бет алғандарға кейде жақын-жуық, тіпті көрші-қолаңдары, қалдырып кететін жер таппай, балаларын ертіп жібереді. Нәтижесінде, топырлаған кішкентайлар үстел басында отырмай, өз беттерімен ойнап, білгенін жасайды, тойға келгендердің мазасын кетіреді. Тіпті аяғына оратылған балақайлармен алысып, асабаның есі шығатын кездер де кездеседі. Мұндай «бала-базармен» күресуде енді қалаулылар көмекке келді.

Сенатқа қызықты құжат келіп түсті. Сенаторлар Мәжілістегі әріптестері мақұлдаған жаңа «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» жобасын қарауға кірісті. Онда елді елең еткізерлік жаңалықтар жетерлік екен.

Мәселен, кәмелетке жасы толмағандарға түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында жүруге шектеу қойылады. Бұл ретте бұрыннан бар осы талапты қолдану аясы кеңейтілгелі тұр. Бұл, депутаттардың байламынша, «балиғатқа жасы жетпегендер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға тиіс». «Атап айтқанда, осы жаңа Кодекске сәйкес, 22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, түнгі клубтарда, бильярд орталықтарында, боулинг-клубтарда, сонымен қатар басқа да театрлық-сауықтық мақсаттағы нысандарда және сол тәріздес, ойын-сауық, қойылымдық, спорттық, мәдени-көңіл көтеру мақсатындағы қызметтер көрсетіліп жатқан басқа ғимараттарда бүлдіршіндердің, балалардың және жасөспірімдердің болуына тыйым салынады»,-деп жазады басылым бүгінгі санында жарық көрген «Тойға бала ертіп барған дұрыс па?» атты мақаласында.