2014 жылы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болады

2014 жылы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болады

Қазақстанда инфляция деңгейі қалыпты дәлізге түсті.

  • 13 Мамыр 2014
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Сәуірде инфляция 0,6 пайызды құрады. Бірінші тоқсанда оның деңгейі 3,3 пайыз болды. Ал төрт айдың қорытындысы бойынша оның деңгейі 3,9 пайызды қамтыды», — деді ол.

Қ.Келімбетовтің сөзіне қарағанда, ақпандағы инфляция серпілісін есепке алмағанда, елімізде оның деңгейі қалыпты дәлізге түсіп отыр.


«Осы орайда 2014 жылы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болады деп жоспарлаудамыз», — деп түйді сөзін Ұлттық банк басшысы.