Мемлекет басшысы А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищені мерейтойымен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищені мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищені мерейтойымен құттықтады

Алматыда А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищенің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

  • 13 Мамыр 2014
  • 759
Фото - Caravan.kz

Шараға қала әкімі Ахметжан Есімов, мәдениет қайраткерлері, қоғам және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қала басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оқу орнының мерейтойына байланысты жолдаған құттықтауын оқыды.

«Қазақстандық балет мектебінің тарихы аса бай. Ел сіздердің барлық тәрбиленушілеріңізді мақтан тұтады. Олардың көпшілігі беделді халықаралық балет конкурстарының лауреаттары мен дипломаттары атанды. Сіздердің тәрбиленушілеріңіздің жетістіктері — бұл беделді хореографиялық шеберлік мектебінің барлық кезеңдегі педагогикалық ұжымының ерен еңбегінің арқасы», — делінген Мемлекет басшысының құттықтау сөзінде.

Оқу орнының өнерпаздары өз шеберліктерін сахна төрінде паш етті. Концерттік бағдарламада әлем халықтарының билері, қазақстандық және шетелдік композиторлардың музыкалары бойынша заманауи хореография мен классикалық балеттен қойылымдар қойылды.

А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі — Тәуелсіз Қазақстандағы бұрыннан келе жатқан оқу орындарының бірі. Кәсіби балет мектебінің жұмысы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының қызметімен тығыз байланысты. Сондай-ақ бұл училищенің ел өнері мен мәдениетін дамытып, жетілдірудегі маңызы зор.



Перейти к новостям спорта