Алматы ІІД студент жасақтарын ынталандырып отыруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ІІД студент жасақтарын ынталандырып отыруды ұсынды

Алматы ІІД студент жасақтарын ынталандырып отыруды ұсынды

Алматы қалалық ІІД қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын студент жасақтарының қатарын көбейту үшін оларды ынталандырып отыруды ұсынды.

  • 13 Мамыр 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің сейсенбідегі хабарламасына сүйенсек, полицейлер ынталандырудың үш түрлі нұсқасын әзірлеп, оны қала әкімдігіне жолдаған.

Атап айтқанда, белсенділік танытқан студенттерге қоғамдық көлікте жүру билетін, ұялы байланыс қызметінің төлем карточкаларын тегін беру және ЖОО оқу ақысын жеңілдету сынды шаралар енгізілуі мүмкін.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ЖОО мен орта-арнайы оқу орындарында құрылған 37 студенттер жасағына 1023 жас мүшелікке енген. Олар негізінен оқу ғимараттары мен студенттер қалашықтарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, жасақ мүшелері сабақтан тыс уақытта қаладағы кварталдар, көшелер, саябақтар мен азаматтар көп жиналатын жерлерді патрульдецге қатысады.