Биліктің шығыстағы қарсыластарын жергілікті халық қолдап отыр – Украинаның арнайы қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биліктің шығыстағы қарсыластарын жергілікті халық қолдап отыр – Украинаның арнайы қызметі

Биліктің шығыстағы қарсыластарын жергілікті халық қолдап отыр – Украинаның арнайы қызметі

Украина Қауіпсіздік қызметі бастығы Валентин Наливайченко шығыстағы әскери операцияны тоқтатуға болмайды деп мәлімеді.

  • 13 Мамыр 2014
  • 259
Фото - Caravan.kz

«Бейбіт халық оларды кеудесімен жауып, қалқалауды тоқтатқан сәтте ол жақта, соның ішінде, Славянскіде тәртіп орнатуға болады. Ол бір-ақ күннің шаруасы», — деді В.Наливайченко сейсенбі күні «5-арнаға» берген сұхбатында.

Шығыстағы биліктің күш қолдануды тоқтату туралы ұсынысын қабылдау қажет пе деген сұраққа ол: «Басқыншы топтарға қарсы бағытталған антитеррористік операцияны мүлдем тоқтатуға болмайды» деп жауап берді.

«Біз билік өкілдерін түсінеміз және оларға Славянскіде, Краматорск пен Донецкте бейбіт өмірді қалпына келтіруге көмектескіміз келеді», деді В.Наливайченко.