Қызыл империяға қарсы шыққан қазақ жастары туралы спектакльді қырғыздар бірінші өз елдерінде қойған екен. Рөлдерінің әсер еткені сонша, әртістер оқиға орны Алматыға асығыпты. Бірі-Қайрат, бірі-Фатима, енді бірі-Колбин боп ойнаған жастар желтоқсанның ызғарын бимен де жеткізуге тырысқан. Тілі басқа болса да, театрға келген көрермен еріксіз көзіне жас алды. Желтоқсаншы-қырғыздардың өнері туынды авторы жазушы Сәбит Досановтың да көңілін босатты.
Сәбит Досанов, жазушы-драматург:
— Мәселен, Қайраттан жауап алған кезде біздің театрларда көрермендер сұрайды, неге қан шықпайды деп. Ол қан шығару міндет емес. Сосын бізде Колбинді ойнағанда дәу адамдар іздейді. Ол да міндет емес. Бұлар бәрін жаңаша қойды.