Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады

Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады

Мемлекет басшысына Орталық Азия мен Кавказда жетекші орын алатын Air Astana компаниясының операциялық және қаржылық көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.

  • 1 Шiлде
  • 1
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отырғаны баяндалды. Компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі.

Фото: Ақорда.кз

Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған.

Air Astana бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге баса мән беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады.

Мемлекет басшысы рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударып, қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды.

Фото: Ақорда.кз