Грузия Қазақстан азаматтарын өз аумағына кіргізбей кері қуып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Грузия Қазақстан азаматтарын өз аумағына кіргізбей кері қуып жатыр

Грузия Қазақстан азаматтарын өз аумағына кіргізбей кері қуып жатыр

Тбилиси мен Астана арасында дипломатиялық дау. Себебі Грузия  Қазақстан азаматтарын өз аумағына кіргізбей кері қуып жатыр. Осыған шамданған еліміздің Сыртқы істер министрлігі Елордадағы Грузия елшісін шұғыл шақыртып түсініктеме беруді талап етті.

  • 14 Мамыр 2014
  • 346
Фото - Caravan.kz


Соңғы айларда Қап тауын бетке алған отандастарымыз ұшақтан түскен бойда тура әуежайдан Қазақстанға кері қуылуда. Шекара бекеттеріндегі жағдай да дәл осындай. Астанадағы Грузия елшісі мұны күш құрылымдарының адам саудасына қарсы жүргізіп жатқан арнайы операциясымен байланыстырып ақталып бақты. Бірақ сырғытпа жауапқа көңілі толмаған еліміздің Сыртқы Істер министрлігі дипломаттың қолына наразылық нотасын ұстатып жіберді. Айта кетсек, Грузияға кіргізілмеген азаматтар бұған дейін Оңтүстік Осетия мен Абхазияға баруы да мүмкін. Тбилиси оккупацияланған аймақ санайтын бұл елдерге кірген адам, екінші кайтара Грузияға жіберілмейді.