Бүгін Виталий Каркуланың балалары әкелерін өлтіргендермен бетпе бет кездесті. Қаңтар айында қылмысқа алдын ала дайындалған үш жігіт кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Жүзін жасырып отырған Азамат Тоғаев қылмыстық топты ұйымдастырған. Күдіктілер ұрлық, қарақшылық және адам өлтіру бойынша айыпталды. Каркуланы өлтіріп, ақша мен алтын үшін оның әйелін соққыға жыққан. Ал, басты куәгер Валентина Каркула Ресейде емделіп жатыр. Бірақ, қаскөйлер тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Айсұлу Биәлиева, адвокат:
– Иманқұлов өзінің жабық тонауға барғанын айтып отыр. Ал, Тоғаев пен Біржанов тек қана қарақшылықты жартылай мойындады. Олардың айыптары алдағы уақытта өз дәлелін тауып, сотпен бағасы беріліп, тиісті жазаларын алады деп есептеймін.