Павлодар облысында тоққа түскен бала ажалдан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар облысында тоққа түскен бала ажалдан аман қалды

Павлодар облысында тоққа түскен бала ажалдан аман қалды

Павлодар облысында 7 жасар бала мектеп ауласында тоққа түсіп, өлім құша жаздады. Баянауыл ауданының балғындары жасырынбақ ойнап, біреуі трансформатордың ашық қуысына кіріп кеткен. Сол күйі шыға алмай есінен танған оқушы бүгін түнде орталыққа жеткізілді.

  • 14 Мамыр 2014
  • 235
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлер оны облыстық ауруханаға апару үшін жарты тәулік уақыттарын жоғалтыпты. Қазір сәби аяқ-қолы маталып, есеңгіреп жатыр. Денесінің 15 пайызын күйік шалған. Сілкіп түсірген жоғары кернеу оның басына жабысып, тіпті, жамбас сүйектеріне дейін өтіп кеткен. Ал, қатып-пісіп қалған сол қолының жазылуы екіталай. Операция жасаған дәрігерлер ауру асқынып кетпесі үшін, енді оны шынтағына дейін кесіп тастамақ.


Серік Нұрланов, Павлодар облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Сол қолының саусақтары зақымданған, мүгедектікке ұшырау қаупі бар. Кешенді операция жүргізіп, ампутация жасауды жоспарлап отырмыз.