Ақтауда жеміс-жидекті темекіге айырбастады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жеміс-жидекті темекіге айырбастады

Ақтауда жеміс-жидекті темекіге айырбастады

«Ақтау диалогы» қоғамдық қоры Бүкіләлемдік артериялық гипертониямен күрес күніне орай «Жүрегіңді аяла!» акциясын өткізді.

  • 14 Мамыр 2014
  • 333
Фото - Caravan.kz

Қала тұрғындары шара барысында ұйымдастырылған спорттық жарыстарға қатысып, түрлі жеміс-жидектерді ұтып алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қордың еріктілері жеміс-жидектерді темекі айырбастады.

Әлемнің 1,5 млн. адамы артериялық қан қысымының артуынан зардап шегіп келеді, ал әр жыл сайын 7 млн. адам осы дерттен қаза табады. Бұның негізгі қоздырушылары — табак өнімдері, уақтылы тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аз болуы және артық салмақ.

«Акцияны ұйымдастыру барысында бізді қолдаушылар көп болды. Оның ішінде кәсіпкерлер де, қалалық емхана басшылары да, тексеру жүргізуші дәрігерлер де бар. Жеміс-жидектерді алу үшін небары 3-5 шылымнан бас тарту жеткілікті болды», дейді «Ақтау диалогы» қоғамдық қорының директоры Орал Құрбанова.


В Актау сигареты меняли на фрукты