Аграрлы несиелік корпорация көктемгі дала жұмыстарына қатысты өтінімдерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аграрлы несиелік корпорация көктемгі дала жұмыстарына қатысты өтінімдерді мақұлдады

Аграрлы несиелік корпорация көктемгі дала жұмыстарына қатысты өтінімдерді мақұлдады

Аграрлы несиелік корпорация агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау шаралары үшін республикалық бюджет қаржысы шеңберінде көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 11 млрд теңгенің өтінімдерін мақұлдады.

  • 14 Мамыр 2014
  • 549
Фото - Caravan.kz

Бұл 1 млн гектарға егін егіп, жинап алуға мүмкіндік бермек, деп хабарлады компаниядан.

Қазіргі уақытта Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылық өндірушілеріне жалпы алғанда 7,5 млрд теңге қаржы берілді.

Хабарламада атап өтілгендей, алынған несиеге диқаншылар жанар-жағар майды, қосалқы бөлшектерді, ауыл шаруашылық техникасын жөндеуге арналған материаларды, минералды тыңайтқыштарды уақытылы сатып алып, егін егуге қатысты басқа да шараларды жүргізеді.

Көктемгі дала және жинау жұмыстарын жүргізу үшін несиені жылдық 5% мөлшерлемен алуға болады, мерзімі 2014 жылдың 1-желоқсаны, екінші деңгейдегі банктің кепілдігі керек және де несиелік серіктестік жүйесі арқылы алуға болады, жылдық мөлшерлемесі 9%, кепілдікке жылжитын не жылжымайтын мүлік қойылады.


Тұтас алғанда, биылғы көктемгі егіс жұмыстары үшін бүкіл көздердің есебінен "Қазагро" холдингі 61,6 млрд теңге бермек, оның 40 млрд теңгесі – бюджеттік несие.