Полицейлер жас жігіттен 500 теңгелік 17 жалған купюраны тәркіледі. Олар қарапайым қағазда жасалыпты. Сондай-ақ, жалған ақша жасаушыдан «ақшасына» алмастырған кәдімгі 4 000 теңге тартып алынды. Үйді тінту барысында сезіктіден компьютер, қағаз, ақшаны шығарған түрлі-түсті принтер тәркіленді. Полицейлер бұл жігіт жалған ақшаға алкогольдік өнім мен өзге тауарларды сатып алғанын анықтаған.
Аталған факті бойынша «Жалған ақша немесе құнды қағаздарды дайындау немесе өткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.