деп хабарлады "Өмірді сақтандыру жөніндегі компания Мемлекеттік аннуитетті компания" АҚ-ның баспасөз қызметінен.
2014 жылдың 6-мамырында Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының "Зейнетақылық аннуитеттердің келісімшарттарына орай зейнеткерлік ақшаны сақтандыру ұйымдарына аудару ережелерін бекіту туралы" қаулысы күшіне енді, сол күннен бастап өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар зейнетақылық аннуитеттердің келісімшарттарын жасаса алады.
Зейнеткерлік аннуитет БЖЗҚ-нан зейнетақы алудың балама жолып болып табылады.
Зейнетақылық аннуитет келісімшарттын жасасу үшін 50 жастағы әйелдерде минималды сома 7 млн 637 мың 161 теңге болуы керек, 55 жастағы ер адамдар үшін – 5 млн 481 мың 124 теңге. Клиент зейнетақылық аннуитет келісімшарттын жасасуға керекті минималды соманы қамтамасыз ету үшін ерікті түрде жинақталған зейнеткерлік ақшасын және өз қаржысын пайдалана алады.