Алматы әкімшілігі Лос-Анджелесте бұрынғы әкім Храпуновпен соттасып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы әкімшілігі Лос-Анджелесте бұрынғы әкім Храпуновпен соттасып жатыр

Алматы әкімшілігі Лос-Анджелесте бұрынғы әкім Храпуновпен соттасып жатыр

Алматы әкімшілігі қаланың бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың үстінен Лос-Анджелестің (Калифорния штаты) федералды сотына

  • 14 Мамыр 2014
  • 579
Фото - Caravan.kz

мемлекеттік меншікті сатудан түскен 300 млн долларды жымқырғандығы үшін арыз түсірді, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Олардың айтуынша, ақша артынан Швейцария мен АҚШ-тағы шоттарға аударылған.

Арызға қарағанда, В.Храпуновтың жұбайы мен балалары ұрланған ақшаға Лос-Анджелес аумағында жылжымайтын мүлік сатып алған, оның ішінде Беверли-Хиллзде құны 6,2 млн доллар вилла мен Студио-Ситиден құны 5,7 млн доллар ғимарат.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі әзірге Алматы әкімшілігінен бұған қатысты түсініктеме ала алмады.

2007 жылы қараша айында Алматының табиғатты қорғау аумағында жер телімдерін заңсыз сатуға қатысты болған жанжалдан соң В.Храпунов төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылған. Алдында бірнеше жыл бойы В.Храпунов Алматы әкімі болған.


В.Храпунов орнынан түскен бойда Швейцарияға кетіп қалды. Ол халықаралық іздеуге берілген.