Өртенген үйдің иелері — шағын кәсіпкерлікпен айналысқан екен. Олар бірінші қабатынан тігін цехын ашып, өздері екінші қабатында тұрыпты. Ал аяқ асты тұтанған өрттен баспананың түгі қалмай жанып кеткен. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Көршілерінің айтуынша, үйге газ құбыры тартылмаған. Соған қарағанда, электр желісінде тұйықталу болған тәрізді.