«Біріккен кәсіпорын құрылды. Енді құрылғыларын әкеліп, жылдың аяғына қарай отандық аяқ киімдерді шығармақпыз. Жылына 1 миллион адамға кроссовка шығару көзделіп отыр», — деді «ТаразТеріАяқкиім» ЖШС-нің бас директоры Олег Мустафиди.
Оның айтуынша, аталған жоба 2013 жылы Астанада Вьетнам Республикасымен болған үкіметаралық келісімнің жемісі.
Нарықтағы сатылымына қатысты сұраққа өнеркәсіп басшысы Тараздың кроссовкалары Қазақстан мен Ресейге таратылатынын атап өтті. «Сұраныс болса, өнімді көбейтеміз. Болашақта Қазақстанды толық қамтамасыз етуді жоспарлаудамыз», — деді О. Мустафиди.
«ТаразТеріАяқкиім» ЖШС былғары тауарлар, жұмысқа арналған арнайы аяқ киімдер, күш құрылымдлары мен әскерге, күнделікті киюге арналған аяқ киімдерді шығарумен айналысады.