"Мешіт демеушісі — Нұрылда Тәліпов. Мешіттің нобай-сызбасын жерлесіміз, аталмыш ауылдың тумасы, ҚР Елтаңбасы авторларының бірі — Жандарбек Мәлібекұлы жасады", — деп хабарлады аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Мешіт үйінде бір мезгілде 100 адам емін-еркін сыяды. Н.Тәліпов ұзақ жылдар бойы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қызметін абыроймен атқарып, бүгінде кезекті еңбек демалысына шыққан зейнеткер. Астана қаласына қоныс аударса да, туған ауылы — Еңбектен имандылық үйін салуға көңіл бөлді. Алла қаласа, имандылық үйі биылғы жазда маусым айының соңына таман халық игілігіне беріледі деп күтілуде.