Астанада салынып жатқан құрылыста жұмысшы биіктіктен құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада салынып жатқан құрылыста жұмысшы биіктіктен құлап кетті

Астанада салынып жатқан құрылыста жұмысшы биіктіктен құлап кетті

Астана қаласындағы Алматы ауданында «Әулие ата» тұрғын үй кешенінде жаңадан салынып жатқан құрылыста жұмысшы биіктіктен құлап кеткен.

  • 15 Мамыр 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz


Оқиға 14 мамыр күні күндізгі сағат 11-лер шамасында орын алған. «ДаДа» ЖШС тас қалаушысы 1996 жылы туған азамат Е.Асан жұмыс жүргізу кезінде 4-ші қабаттағы биіктіктен құлап кеткен. Түрлі дене жарақаттарын алған ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Есіл ауданы Қабанбай батыр көшесіндегі №1682 трансформаторлық шағын станциясында оқыс оқиға орын алды. Кеше сағат 14.54 шамасында монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында «Астана-РЭК» АҚ электр монтері 1988 жылы туған азамат А.Афанасьевті тоқ соққан. Денесін күйік шалған жұмысшы ауруханаға жатқызылған.