Н.Назарбаев Шанхайда АӨСШК саммитінде сөз сөйлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев Шанхайда АӨСШК саммитінде сөз сөйлейді

Н.Назарбаев Шанхайда АӨСШК саммитінде сөз сөйлейді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитінде сөз сөйлеп, сонымен бірге, бірқатар келіссөздер жүргізеді. Бұл туралы Бейжіңде баспасөз мәслихаты барысында ҚХР СІМ басшысының орынбасары Чэн Гопин мәлімдеді.

  • 15 Мамыр 2014
  • 496
Фото - Caravan.kz

«Қытай басшысының 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарынан кейін, Н.Назарбаев пен Си Цзиньпиннің бұл осы жылдағы үшінші рет кездесуі болмақ. Осыған дейін олар Сочи мен Гаагада халықаралық шаралар барысында кездесті. Бұл кездесулердің Қазақстан-Қытай қарым-қатынасын нығайтуда маңызы зор», — деді Қытайдың сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин.

Мемлекет басшысының 21 мамырда Шанхайдағы АӨСШК 4-ші саммитінің ашылуында сөйлеген сөзі Қытайдың Орталық телеарнасы — CCTV арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

АӨСШК 4-ші саммитіне 46 мемлекет пен халықаралық ұйымдардан өкілдер, оның ішінде 11 мемлекет басшысы мен 2 үкімет басшысы, сонымен бірге, халықаралық ұйымдардың 10 жетекшісі қатысады деп күтілуде.

Шанхайға саммитке қатысу үшін Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Моңғолия, Шри-Ланка президенттері мен Камбоджа мен Ирак премьер-министрлері келеді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АӨСШК 4-ші саммитін ашып, құттықтау сөз сөйлейді. Саммит барысында Қытай Түркиядан АӨСШК-ке  2014-2016 жылдарға төрағалық етуді қабылдайды.


Сонымен бірге, мемлекеттік сапары барысында Мемлекет басшысы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. «Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сонымен бірге, кейбір халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасады», — деп хабарлады қытайлық дипломат.

Сапар барысында ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша декларацияға қол қойылады. Мемлекет басшыларының қатысуымен энергетика және шикізаттық емес салаға қатысты ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті мамырдың 19-ы мен 21-і аралығында мемлекеттік сапармен Қытайға барады және АӨСШК 4-ші саммитіне қатысады.