Қазақстанда оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалды

Қазақстанда оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалды

ҚР Үкіметі  оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді бекітті. Бұл туралы тиісті қаулы ресми баспасөзде жарияланд

  • 15 Мамыр 2014
  • 546
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2014 жылғы 20 наурыз,  Астана, Үкімет Үй, №248

Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы

«Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 20 наурыздағы №248 қаулысына қосымша

Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлер
1. Ақмола облысы
2. Атырау облысы
3. Шығыс Қазақстан облысы
4. Батыс Қазақстан облысы
5. Қостанай облысы
6. Павлодар облысы
7. Солтүстік Қазақстан облысы.