Ақтөбеде әнді ыммен айтудан республикалық конкурс басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде әнді ыммен айтудан республикалық конкурс басталды

Ақтөбеде әнді ыммен айтудан республикалық конкурс басталды

Бүгін Достық үйінде еліміздің 15 облысының құлағында мүкісі бар мүгедек жандар арасындағы 7-ші республикалық «Поющие руки» конкурсы басталды.

  • 15 Мамыр 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

Шараны қалалық әкімдіктің қолдауымен Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қазақ саңырау қоғамының жанынан құрылған қалалық мәдениет үйі ұйымдастырды.

-Бұл — шығармашлықтың ерекше бір түрі. Онда саңыраулар мен құлағында мүкісі бар әртістер ыммен, беттің мимикасы және дененің пластикасымен әннің мазмұны мен мағынасын жеткізеді. Осылайша, оны көретін басқа саңырау көрермендер әннің музыкасы мен сөзін естімей өнерден әсер алады, — дейді Ақтөбе саңыраулар қоғамының төрайымы Зинаида Телеушева.

Бұл жанр бойынша байқау үш жылда бір өткізіледі. Биыл оған 66 адам қатысауда, олардың бәрі есту бойынша мүгедектер. Әрбір үміткер онда «Соло» аталымында бір шығармадан орындайды. Қатысушылардың арасында осы жанрдың ардагерлері, «Қазақ саңыраулар қоғамының еңбек сіңірген әртісі» атағы бар Алексей Никулин, Александр Лапин, Жанна Ким бар.

Ертең байқаудың қорытындысы шығарылады. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласы әкімінің және «Қазақ саңыраулар қоғамы» ҚҰ орталық басқармасының  дипломдарымен және ақшалай сыйақыларымен марапатталады.


Перейти к новостям спорта