«Севоль» паромының экипаж мүшелеріне абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Севоль» паромының экипаж мүшелеріне абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылды

«Севоль» паромының экипаж мүшелеріне абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылды

Суға батып кеткен «Севоль» паромы экипажының төрт мүшесіне абайсызда кісі өлтірді деген айып тағылды, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның «Ренхап» агенттігі.

  • 15 Мамыр 2014
  • 374
Фото - Caravan.kz

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, аталған төрт адам алдымен жолаушыларды ешқайда шықпауға көндірген. Содан соң экипаж киімін қарапайым киімге ауыстырып, батып бара жатқан кемені тастап қашқан. Сонымен қатар, жолаушыларға құтқару кемесінің келе жатқанын да жеткізбеген көрнеді.

Капитан, қос штурман мен бас инженердің айыбы дәлелденсе олар өлім жазасына кесілуі мүмкін.

Алайда, Оңтүстік Кореяда 1997 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланғандықтан айыпталушылар мұндай үкімге кесілуі екіталай, дейді «Ренхап».

16-сәуірде Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында суға кеткен кемеде 476 болған. 275 адам қаза тауып, 29 жолаушы әлі күнге із-түссіз жоғалғандар санатында.