«Самұрық-Қазына» өзінің Темірбанк пен Альянс Банктегі үлестерін Б.Өтемұратовқа сату туралы мәмілені аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» өзінің Темірбанк пен Альянс Банктегі үлестерін Б.Өтемұратовқа сату туралы мәмілені аяқтады

«Самұрық-Қазына» өзінің Темірбанк пен Альянс Банктегі үлестерін Б.Өтемұратовқа сату туралы мәмілені аяқтады

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры өзінің Темірбанк пен Альянс Банктегі үлестерін бизнесмен Болат Өтемұратовқа сату туралы мәмілені аяқтады.

  • 15 Мамыр 2014
  • 638
Фото - Caravan.kz


Б.Өтемұратов Темірбанктің 79,88 пайызы үшін 35,7 млрд теңге, Альянс Банктің 16 пайыз акциясы үшін 1,5 млрд теңге төледі, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Темірбанк 2010-2012 жылдары бөлінбеген табыстың есебінен қорға 9,1 млрд теңге көлемінде дивиденд төледі.

Мәміле нәтижесінде, Альянс Банктің бақылау пакеті (51%) «Самұрық-Қазынаның» қолында қалды. Ал, Б.Өтемұратов «Темірбанк» АҚ-ның бақылаушы акционері атанды.

«Мен Темірбанктің капиталын артырып, оларды болашақта біріктіру арқылы Альянс банкті қалпына келтіруге дайынмын. «Самұрық-Қазына» қоры бірлескен банкті ұзақ мерзімге қорландыруға қолдау көрсетпек. Дегенмен, Альянс Банк капиталын қалпына келтіру процесі негізінен кредиторлардың аталған процеске қатысуға деген ниетіне байланысты. Біз кредиторлармен арадағы келіссөздердің нәтижелі болуына барынша күш саламыз. Бұл қос банкті біріктіруге қажетті негізгі шарт болып табылады», — деді Б.Өтемұратов, делінген хабарламада.