Видео сәрсенбі күні 14 мамырда жарияланған болатын. Бақылау камерасы арқылы түсірілген видеодан ит сәбидің аяғына жармасып, оны сүйреп әкетпек болғанын көруге болады. Алайда, бірер секундтан кейін итке мысық шабуыл жасап, ит қашады. Мысық соңынан біраз қуып, кейін бір көліктің астына жасырынады.
«My Cat Saved My Son» («Менің мысығым ұлымды құтқарды») атты роликті YouTube-ке Роджер Триантафило есімді америкалық орналастырған болатын.