Бұл туралы Қазақстан ІІМ көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сегіз сөмкеге салынған 68 түрлі дәрі-дәрмектің иелері Өзбекстанның үш азаматшасы болып шыққан.
Тәркіленген дәрілер құны 1 млн теңгеден асады.
Ұсталған азаматшалар дәрі-дәрмектерді Ресейден сатып алған, енді оны Алматыға апарып сатпақ болған.