8 жасар балаға кімнің оқ атқанын білетін куәгерлерге сыйақы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 жасар балаға кімнің оқ атқанын білетін куәгерлерге  сыйақы тағайындалды

8 жасар балаға кімнің оқ атқанын білетін куәгерлерге сыйақы тағайындалды

Ақтаулық полицейлер 8 жасар балаға оқ атқан адам туралы қандайда бір ақпарат білетіндерге қомақты қаржылай сыйлық тағайындады.

  • 16 Мамыр 2014
  • 222
Фото - Caravan.kz

Дүйсенбі күні үйінің маңында жүрген ойын баласына әлдебіреу оқ атқан болатын. Өкпесінен ауыр жараланған Асылбек қазір ауруханада жатыр. Беті бері қарады дейді дәрігерлер. Ал оқ пневматикалық тапаншадан атылған деген болжам бар. Қылмыстық іс қозғалды, баллистикалық сараптама жүргізілгенімен, қаскөй әзірге ұстатар емес. Тіпті, куәгерлер де жоқ. Енді полицейлер қаскөй туралы нақты ақпарат берген тұрғынға ақшалай сыйақы тағайындап отыр.


Әлия Шоймағамбетова, Маңғыстау болыстық ІІД өкілі:

– Яғни кімде кім полиция қызметіне осы оқиғаға қатысты қандайда бір мәлімет беретін болса, ол хабарлаушы жайында құпиялық міндетті түрде сақталады. Және сонымен бірге үлкен көлемде қаржылай сыйлық беріледі.