Бергей Рысқалиевтің киеу баласы ұсталғанын жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бергей Рысқалиевтің киеу баласы ұсталғанын жоққа шығарды

Бергей Рысқалиевтің киеу баласы ұсталғанын жоққа шығарды

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің күйеу баласы Рүстем Әлбақасов Женевада қолға түсті. Жергілікті ақпарат құралдары осындай мәлімет таратып отыр. Бірақ, бұл жәйттан қаржы полициясы хабарсыз.

  • 16 Мамыр 2014
  • 173
Фото - Caravan.kz


Рүстем Әлбақасов – Бергей Рысқалиевтің туған қарындасының күйеуі. Оған тиесілі 20-дан астам компания бірнеше жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін қазынадан бөлінген миллиардтарды жымқырған. «Күйеу баланың» нақты қанша қаражатты қалтаға басқаны туралы   ақпарат жоқ. Ұрланған ақшаны заңдастыру үшін ол жалған фирмалар құрумен де айналысқан. Бірақ, Рүстем Әлбақасовтың өзі Фейсбуктағы парақшасында бұл мәліметті жоққа шығарып, өзінің әлі бостандықта жүргенін жазыпты. Женевамен ешқандай байланысы жоғын да айтқан. Бергей Рысқалиевті қосқанда 13 адамға халықаралық іздеу жарияланған. Олардың ішінде екеуі: Олег Павличенко биыл ақпанның 3-і күні Мәскеуде, ал Жанболат Дүйсенбаев наурыздың 2-де Ақтөбеде ұсталған болатын.