Семейде комбинатта болған жойқын жарылысқакінәлі анықталған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде комбинатта болған жойқын жарылысқакінәлі анықталған жоқ

Семейде комбинатта болған жойқын жарылысқакінәлі анықталған жоқ

Семейдегі комбинатта болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Еңбек қауіпсіздігінің сақталмауы әзірге басты себептердің бірі ретінде қаралып отыр.

  • 16 Мамыр 2014
  • 218
Фото - Caravan.kz

Шаһардағы ұн мен жем шығаратын кәсіпорында сәрсенбіде жойқын жарылыс болып 8 адам ауыр жарақат алған. Олардың барлығы элеватор ішінде жөндеу жұмысын жүргізген мердігер мекеменің қызметкерлері. Бүгінге дейін осы оқыс оқиғаға кімнің кінәлі екені әлі анықталған жоқ. Ал жапа шеккен адамдардың 3-уі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің беті бері қараса, бір жұмысшының жағдайы әлі ауыр.


Ерлан Базарбеков, Семей қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Үлкен көлемдегі күйікпен қоса сынықтары бар. Болжам айту ертерек. Қазіргі жағдайлары тұрақты ауыр болып есептеледі.