Таразда сабақ үстінде улы газ шашқан 11-ші сынып оқушысы болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда  сабақ үстінде улы газ шашқан 11-ші сынып оқушысы болып шықты

Таразда сабақ үстінде улы газ шашқан 11-ші сынып оқушысы болып шықты

Таразда төтенше жағдай! Мұнда бүтін бір мектептің оқушылары тура сабақ үстінде газға уланып қалды. 11-ші сынып оқушысы коридорға баллоннан газ шашып, иісінен балалар бірінен соң бірі ауа жетпей есінен танып құлаған. 31 оқушы қазір ауруханада жатыр. 7-уі өлім аузында жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 16 Мамыр 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Удың қайдан келгенін оқушылар да мұғалімдер де алғашында түкке түсінбей дал болған. Бәрі әдеттегідей тып-тыныш сабақ оқып отырыпты. Қоңырау соғылып балалар сыныптан шыға бергенде, бірінен соң бірі есінен таңып есікке жетпей құлаған.

Гүлбану Садықова, №1 балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:    

-Қазіргі кезде реанимация бөлімінде семптаматикалық ем жүргізіліп жатыр. Неге десеңіздер, бұл қандай газ екені бізге әлі анық емес. Қазір жеті баланың ішінде 2 баланың жағдайы дұрысталды. Балалар өз-өзіне келді.

У жайлаған мектептен мұғалімдермен қоса 400-ден астам бала дереу сыртқа шығарылған. Көбінің терісі қызарып, есін жия алмаған соң жедел жәрдем шақыртуға тура келіпті. Ал ата-ана болған жайтты ұл-қыздары жансақтау бөліміне жеткізілгенде бір-ақ естіген.

Перизат Алтынбекова, зардап шеккен оқушының анасы:

-Мұғалім хабарласты. Қызыңыз талып жатыр, тез жетіңіз деп.  Мен жүгіріп келдім, келсем ауыр жағдайда деп айтты. Білмеймін, өзім әлі көрген жоқпын.

Ауруханаға алып ұшып жеткенімен уланғандардың бірде бір жақыны ішке кіргізілген жоқ. Ал дәрігерлер газдың шыққан тегін таппай жанталасуда. Жанұшыраған ата-ана қандай да бір жауап алуға мектепке директордың өзін іздеп барды.   


Айсұлу Алтынбекова, зардап шеккен оқушының анасы:

-Не болғанын білмейміз. Бір ғана кабинетке газ баллон шашты дейді. Соған 19 бала ауруханаға түсе ма? Әшейін бүйтіп пысылдағанға? Екі кабинет емес, бүкіл мектепке шашылып шыққан.Балаларымыз өліп кетсе қайтеміз? Кім жауап береді?

Сөйтсе, бүкіл баланы улаған мектептің оқушысы екен. 11-ші сыныпты оқитын тентек күзетке байқатпай ішке улы баллонды алып кірген.      

Мақпал Кенжебаева, №21 мектеп директорының орынбасары:

— Осыны жасаған сіздердің оқушыларыңыз ғой?

 — Біздің оқушы, ия!

 Қазір улы иіс түгел тарап, оқушылар сабағын жалғастырған. Тек 31 баланың орны бос. Ал төтенше оқиға бойынша тергеу басталып та кетті. Бұзақы болса абақтыда.