«Біз отандық бизнесімізді қолдайтын нормаларды белсенді жүргізуіміз қажет. Бұл — ескерту, сақтандыру нормалары. Мәселен, егер РФ шағын кәсіпкерлік субъектісі заң бұзса, алдымен оған ескерту жасалады. Содан кейін сақтандырады. Содан кейін ғана айыппұл санкциялары қолданылады. Бұл отандық бизнесті қолдау үшін маңызды», — деді Н.Алдабергенов Таразда ЕЭК отырысында.
Ол Қазақстанда қазірдің өзінде Ресейде іске қосылған «біліктілігінен айыру» нормасын тезірек қабылдау қажеттігін атап өтті. Ол егер кәсіпкер заңды үнемі бұзатын болса, оны 3 жылға жұмыс жасау құқығынан айыруды көздейді. «Егер біздің отандық кәсіпкерлеріміз ресейлік нарықта осы нормаларды бұзатын болса, онда әрине, ресейлік федеральдық монополияға қарсы қызмет қатаң шаралар қолданатын болады. Ал егер біз өзімізде мұны жасамасақ, ресейлік аумақтағы заң бұзушылар Қазақстанда тіркеліп, жайбарақат жұмыс жасайтын болады. Әрине, бұл тең жағдайлар емес. Осыны ескере отырып, біз ұлттық монополияға қарсы заңнамамызды өзгертіп, әлемдік практиканың үздік нормаларын қолдана отырып, ресейлік, беларусьтік нормаларға жақындатуымыз қажет», — дейді Н.Алдабергенов.
ЕЭК министрі «қазақстандық монополияға қарсы заңнама кейіндеп қалуы тиіс емес», деп атап өтті. «Тең жағдайдағы бәсекелестікте бір-бірімізден тауарларды ілгері жылжытуға, бизнесті қорғауға жәрдемдесетін үздік нормаларды алуымыз қажет», — деді Н.Алдабергенов.
Дөңгелек үстел жұмысына Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік мүше-мемлекеттерінің парламенттер депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми ортаның, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) — КО мен БЭК-тің тұрақты жұмыс істейтін ұлтүстілік реттеуші органы.