Апат 982 МSМ нөмірлі «Тойотаның» көлікке жол бермеуінен орын алды. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің қолы сынып, жеңіл жарақат алған фельдшер мен екі тәжірибеден өтуші ауруханаға жеткізілді.
«Мен бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрғанда келе жаттым, ал оның қызыл шам жанып тұрғанда бұрылған кезінде бір жағына қисайып бара жатқаны көрініп тұрды. Тежегіші дұрыс жұмыс жасамаса керек», — деді «Тойото» көлігінің жүргізушісі Жандос Сәдібеков.
Күрт бұрылыста "Тойотамен" соғылған жедел жәрдем көлігі аударылып түсті. Бұл оқиғаға байланысты жол полициясмы қызметкерлері түсініктеме беруден бас тартты. Жолдың бұл қиылысндағы бақылау камерасы апатқа кім кінәлі екенін анықтауға мүмкіндік бермек.