Бостонда болған теракті іс бойынша айып тағылған қазақстандықтардың жағдайы бірқалыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бостонда болған теракті іс бойынша айып тағылған қазақстандықтардың жағдайы бірқалыпты

Бостонда болған теракті іс бойынша айып тағылған қазақстандықтардың жағдайы бірқалыпты

Қазақстан СІМ бостондық марафон кезінде орын алған теракті ісі бойынша айып тағылған Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаевтың тағдырын ерекше бақылауға алып отыр.

  • 16 Мамыр 2014
  • 502
Фото - Caravan.kz

"Дипломатиялық миссиялардың сотта айып тағылғандарды заңды қорғауға өкілеттігі жоқтығын ескере отырып, ата-аналарына қорғаушыларды жалдауға ықпал етілді", делінген СІМ-нің Фейсбуктегі парақшасында жария етілген ақпаратында.

Сонымен қатар, қамауға алынғандарға туыстары мен жақындарының қатысуы туралы мәселе жылдам шешілді. Адвокаттар оларға кез-келген күні бара алады.

30-сәуір күні консул түрмедегі студенттерге барды. "Тұтас алғанда, олардың жағдайы бірқалыпты, ата-аналарына виза алуға көмек көрсетілді", деп атап өтті СІМ.

Алдында хабарланғандай, Қазақстаннан барған студенттер Д.Қадырбаев пен А.Тажаяқовқа ДЖ.Царнаевтың фейерверк салынған ноутбугі мен рюкзагын тастады, деген айып тағылған, оны артынан қоқыстан арнайы қызмет қызметкерлері тауып алыпты.

Сотқа кедергі жасағандық және ымыраластық үшін оларға 25 жыл түрмеде отыру қаупі туып отыр. Екі студент те кінәларын мойындамауда.


Ағайынды Царнаевтарға, яғни Джохар және Тамерланға 15 сәуір күні Бостонда марафон кезінде теракті жасады деген күдік келтірілген. Ол кезде үш адам қаза болып, 180-нен аса адам жарақат алған. Джохар артынан ұсталды, Тамерланды құқық қорғау тәртібінің сақшылары өлтірді.