«Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, келешекте жүрдек көліктің нобайлы жобасы енгізілуі мүмкін. Жоспарланып отырған бағыт «Орбита» ықшам ауданынан арқылы Шығыс айналма көлік жолымен қала орталығы арқылы түседі.
«Бізде теңгерімді тарнспорттық жүйе салу үшін үлкен әлеует бар. Көше жүктемесін біршама азайту, қала экологиясын жақсарту және тасымалдау сапасын арттыру мақсатында қалада алғашқы BRT-дәлізін құру жоспарланып отыр. Алматы өмір сүруге ыңғайлы қала тұжырымдамасын біртіндеп жүзеге асырады», дейді А.Есімов.
Сонымен қатар, әкміге велоинфрақұрылымды дамыту жобасы таныстырылды. Ұсынылған жобаға сәйкес, қашықтығы 5 км құрайтын жаңа веложол Тимирязев пен Байтұрсынов көшелері бойымен өтіп Абай даңғылымен жалғасады.