рұқсат беру және хабарлау тәртібін енгізумен байланысты, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Cондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерін Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.