Атақты футболшы үлкен спортпен қоштасты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атақты футболшы үлкен спортпен қоштасты

Атақты футболшы үлкен спортпен қоштасты

Шайбалы хоккейден Ари Пекка Селин бастаған құрамамыз Минсктегі әлем чемпионатында бесінші кездесуін өткізіп жатыр.

  • 17 Мамыр 2014
  • 350
Фото - Caravan.kz

Бұған дейінгі төрт кездесуде жеңілген біздің жігіттер үшін ұпай ауадай қажет. Егер қалған кездесуде сәтсіздік жалғаса берсе, құрамамыз элиталық топтан шығып қалуы ғажап емес. Өткен айналымда Латвияға есе жіберген АҚШ хоккейшілері де аянып қалмайтыны анық. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орында келеді.      

 

Алматы маңындағы Есік қаласында жыл сайын дүбірлі бокс додасы өтіп тұрады. 23 жылдық тарихы бар турнир бокстан Жетісу өңірінен шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері, Станислав Тынысбековтың құрметіне арналған.

Қазақ боксына өзіндік үлес қосқан Станислав Тынысбеков, ондаған спорт шеберлерін тәрбиелеген ұстаз. Олардың арасында елге танымал болғандары қаншама. Алды  полиция қызметкерлері арасында әлем чемпионы атанса, енді бірі халықарлық жарыстардың жеңімпазы. Мұнда бокспен айналысатын жастар саны да жыл сайын өсіп келеді. Қуантатын жәйт,  республикалық ашық жарыстың ауқымы кеңейе түскен. Есіктегі турнирден  шет қалмайтын өзбек пен қырғыздың қатары биыл ресейлік жас өрендермен  толығыпты. «Алтын адам» табылған киелі мекендегі жарыстың алтын медалі үшін биыл  187  үміткер таласқа түсуде.

 


“Барселона” қорғаушысы Карлес Пуйоль үлкен спортпен қош айтысты. 36 жастағы каталондық капитан арнайы баспасөз маслихатында клуб пен барлық жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Тізе жарақаты болмағанда Пуйоль әлі де өнер көрсетуге дайын болған. Алайда дәрігерлермен ақылдаса келе ол осындай шешім қабылдапты. Жиында сөз алған тас қамал қорғаушы бапкерлікке қызықпайтынын жеткізді. Бірақ клуб қарамағында қызмет істеуге дайын екендігін жасырған жоқ. “Барселона” футболшысы өз карьерасында Еуропа және Әлем чемпионы сондай-ақ чемпиондар лигасында жеңген тәжірибелі шебер.