Түркияда қаза тапқан кеншілер жерленіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда  қаза тапқан кеншілер жерленіп жатыр

Түркияда қаза тапқан кеншілер жерленіп жатыр

Түркия жұрты опат болған кеншілерді ақтық сапарға шығарып салып жатыр. Соңғы ақпарға қарағанда, қаза тапқандар саны 284-ке жеткен. Әлі 50-ге жуық адамның жайы белгісіз. Іздестіру шаралары тоқтатылған жоқ.  

  • 17 Мамыр 2014
  • 393
Фото - Caravan.kz


Сома қалашығындағы бейітке бүгін 40 кенші жерленді. Қалғандары туған жерлеріне жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ел ішіндегі ереуілдер де бәсеңсімей тұр. Тіпті бас көтерген кәсіподақ ұйымдарының қатарына енді дәрігерлер мен мұғалімдер қосылды. Шерушілер Үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Қайғылы оқиға сейсенбі күні елдің батысындағы Сома қалашығында болды. Дәл кеншілердің таңғы ауыcмы кезінде. Салдарынан 787 жұмысшының 284 бақилық болып, 450-ге жуығы құтқарылды. Апатқа 2 шақырым тереңдіктегі электр трансформаторы жарылуы себеп болған.