Диплом сататын жоғарғы оқу орындарын жабылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диплом сататын жоғарғы оқу орындарын жабылмақ

Диплом сататын жоғарғы оқу орындарын жабылмақ

Жоғары оқу орындары диплом сататын базарларға айналған. Бүгін депутаттар білім ордаларын жайлаған жемқорлыққа тосқауыл қою керектігін айтып, шенеуніктердің шаңын қақты. Тіпті, халық қалаулылары студент қолындағы дипломын тер тегіп, оқып жүріп алғанын әр 5 жыл сайын дәлелдеп отыруы қажет дегенді ұсынды. Себебі, жоғарғы оқу орындарына студенттер білім алу үшін емес, диплом алуға ғана баратын көрінеді.

  • 17 Мамыр 2014
  • 517
Фото - Caravan.kz

Дариға Назарбаева, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

— Студенттер курстық жұмысты жазуға уақыт кетіргенше, оған ақша төлей салғанды жөн санайды. Кейбір қыз-жігіттер білім алу үшін емес, диплом алу үшін оқиды. Жоғарғы оқу орындары білім беру сапасына көз жұма қарайды. Мен бұл жерде ғылыми зерттеулер жайында сөз қозғамай-ақ қояйын. Сондықтан, әр 5 жыл сайын дипломды мамандық бойынша алғандығын дәлелдеу үшін, қорғап тұры керек деп ойлаймын. 

Мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін әбден былыққа батқан білім саласы енді қатаң тексеруге алынбақ. Қазірдің өзінде еліміздегі 116 жоғарғы оқу орнының 76-сы «қара тізімге» ілініп, жабылудың аз алдында тұр. Бұл оқу орындарын қазір қаржы полициясы тексеруге кіркен. Енді студенттер мұндай сапасыз білім беретін универститет, академияларға бармас үшін арнайы мамандықтар базасын құрылмақ. Талапкер жоғарғы жалақылық жұмысқа орналасуы үшін алдымен мамандықты осы база арқылы таңдайды. Ал, депутаттар миллиондаған теңгені ысырап етіп, жемқорлыққа қатысы бар деп аяусыз сынға алған жоғарғы оқу орындары ештеңеге қарамастан жабылуы әбден мүмкін.


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Бүгінде көптеген оқу орындарында дұрыс оқу ғимараттары жоқ. Тіпті, кейбірінде сапалы білім беретін ұстаздар тапшы. Зертханалары мүлдем жоқ. Таяу уақытта осындай «қара тізімдегі» оқу орындардың тізімін жариялайтын боламыз.