Таразда оқушы үшін мектеп директоры жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Таразда  оқушы үшін  мектеп директоры жазаланды

Таразда оқушы үшін мектеп директоры жазаланды

Таразда сыныптастарын уланған оқушы қылығы үшін мектеп директоры жазаланды. Ал сотқардың өзі қандай жаза алары белгісіз. 

  • 17 Мамыр 2014
  • 373
Фото - Caravan.kz

Бейсенбіде Тараздағы мектептің бірінде сабақ үстінде улы газ тарап, 50-ге тарта оқушы мен мұғалімдер ауруханаға түскен еді. Оның екеуі қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Кейін улы газды шашқан сол мектеп оқушысының бірі екені анықталды. 17 жастағы бұзақы қателігін мойындап, полицияға «жай қалжындамақ болдым» деп түсінік беріп отыр. Бірақ қандай газдың шашылғаны білгісіз. Өйткені жеткіншек ісін тындырған соң, баллонды лақтырып жіберіпті. Тек науқастардың ауру белгілеріне қарап мамандар газдың құрамында ащы бұрыш болуы мүмкін екенін айтуда. Осы оқыс оқиғаға қатысты білім ордасының басшысы ғана емес, сондай-ақ оның қос орынбасары да қатаң сөгіс алды.


Нұржан Қалендеров, Тараз қаласының әкімі:

— Оқу процесі бүгін сағат 2-де  қайта басталды. Қазір таңда қалыпты оқу жүріп жатыр. Ең бастысы балаларымыздың барлығы аман. Күдікті ретінде 11 сыныпты оқушысымен полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Былайша айтқан кезде балалық жасады.