Қазақстан 2014 жылы Ауғанстанға 2 млн долларға жуық гуманитарлық көмек көрсетпек - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2014 жылы Ауғанстанға 2 млн долларға жуық гуманитарлық көмек көрсетпек

Қазақстан 2014 жылы Ауғанстанға 2 млн долларға жуық гуманитарлық көмек көрсетпек

Қазақстан 2013 жыл мен 2014 жылдың бірінші тоқсанында ірі табиғи апаттардан зардап шеккен мемлекеттерге 6 рет гуманитарлық көмек көрсетті.

  • 19 Мамыр 2014
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы еліміз ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.

«Аталған уақыт аралығында министрлік тоқсанында ірі табиғи апаттардан зардап шеккен мемлекеттерге 6 рет гуманитарлық көмек көрсетті. 2013 жылы Гватемала республикасына, Ауған Ислам республикасына, Шри-Ланка демоктариялық әлеуметтік республикасына жалпы құны 978 мың доллардың көмегі көрсетілді. Көмек ақшалай және тамақ түрінде берілді», — деді ол дүйсенбі күні мәжілісте өткен «үкімет сағатында».

Министрдің баяндамасына сүйенсек, биыл министрлік Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде материалдық резервтен жалпы сомасы 1 млн 985 мың 917 доллардың азық-түлігін броньдап қойған.


Сонымен қатар, РФ Благовещенск қаласындағы алапатат су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру үшін 379,3 млн теңге бөлінген. Бұл қаражат 240 орындық балабақша салуға жұмсалған.