И. Тасмағамбетов пен Санкт-Петербор губернаторы Г.Полтавченко «Астана» орталығының капсуласын салды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
И. Тасмағамбетов пен Санкт-Петербор губернаторы Г.Полтавченко «Астана» орталығының капсуласын салды

И. Тасмағамбетов пен Санкт-Петербор губернаторы Г.Полтавченко «Астана» орталығының капсуласын салды

Ресейдің солтүстік астанасындағы Астананың мәдени күндерінің аясында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Санкт-Петербор губернаторы Георгий Полтавченко қуатты әрі ауқымды кеңейтілген экономикалық әрекеттестікке негіз қалайтын «Астана» сауда-іскерлік кешенінің құрылысы жүргізілетін жерге капсула салды, деп хабарлады «Санкт-Петербург» телеарнасы.

  • 19 Мамыр 2014
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Біз қуатты әрі ауқымды кеңейтілген экономикалық әрекеттестікке ықпал ететін «Астана» орталығының негізіне капсула салдық. Қазақстан астанасында «Санкт-Петербор» орталығы құрылды, онда Қазақстан мен Астанадағы Петербордың бизнес қызығушылықтары ұсынылған», — деп атап өтті Санкт-Петербор губернаторы Георгий Полтавченко.

«Мұнда біздің ірі кәсіпорындарды басқарушы әріптестеріміз жұмыс істеуде. Олар ынтымақтастық туралы келісіп, меморандумға қол қойды. Бізде түрлі шыныларды шығаратын ірі құрылыс кәсіпорны бар. Олар Петербордың ірі кәсіпорнымен ынтымақтастық және жобалау жөнінде келісімге келді», — деп хабарлады Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

severinform.ru хабарлауынша, «Астана» орталығы Савушкин көшесінде салынады. Кешеннің ғимаратында кеңселер орналастырылады, қазақ және орыс компанияларының өкілдіктерін, мекемелер, конференциялар өткізуге арналған залдар, көрме залдары мен екі деңгейлі жерасты паркинг салу жоспарланып отыр. Осы орталықтың құрылысы Петербор делегациясының өткен жылы Астанаға жасаған сапарында қабылданған ынтымақтастық бағдарламасының аясында жүргізілуде.


Осыған дейін Астананың мәдениет күндерінің аясында Санкт-Петерборда «Этно-ауыл» қазақтың қолөнер шеберлерінің қолданбалы өнері экспозициясының ресми ашылғаны хабарланған болатын.