Оның атап өтуінше, министрлік тез ден қою күштерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2013 жылы 4 ЕСЧ-145 тікұшағын, 166 өрт сөндіру және апаттық құтқару техникасын, 2435 байланыс құралы, ұйымдастыру техникасы мен техникалық жабдық сатып алған.
«Ағымдағы жылы 4 ЕС-145 тікұшағын, 115 өрт сөндіру және апаттық құтқару техникасын, 2251 байланыс құралын, ұйымдастыру техникасы мен техникалық жабдық сатып алуды жоспарлап отырмыз», — деді ол.
В.Божконың айтуынша, ведомствоның бюджеті тұрақты түрде артып келеді. Ағымдағы жылы министрлік бюджеті 100 млрд. теңгеден асып жығылды.