Мұнай бағасының төмендеуi Қазақстанның жалпы экспорттан түскен пайдасын азайтып жiбердi - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай бағасының төмендеуi Қазақстанның жалпы экспорттан түскен пайдасын азайтып жiбердi

Мұнай бағасының төмендеуi Қазақстанның жалпы экспорттан түскен пайдасын азайтып жiбердi

Мұнай бағасының төмендеуi Қазақстанның жалпы экспорттан түскен пайдасын азайтып жiбердi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ басшысы Руслан Сұлтанов мәлiм еттi. 

  • 19 Мамыр 2014
  • 623
Фото - Caravan.kz

"Мұнайдың импорт-экспорт динамикасына қарайтын болсақ, 2012 жылмен салыстырғанда былтыр мұнай экспортының көлемi аздап төмендеген. Бұған былтыр сыртқа шығарылатын қазақстандық мұнай бағасының 2 пайызға төмендеуi себеп болып отыр. Мұнай мен газ Қазақстанның сыртқы саудасының 60-70 пайызын құрайтынын ескерсек, оның тек 2 пайызға төмендеуi Қазақстанның жалпы экспорттық пайдасын 1,2 млрд. долларға азайтып жiбердi", — деп атап өттi ол. 

Оның айтуынша, экспорттық пайда кемiгенiмен, Кедендiк Одақ елдерi арасында сауда көлемi жылдан жылға серпiндi түрде артып келедi.