Жаз маусымында салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаз маусымында салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

Жаз маусымында салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді

Көлік және коммуникация министрлігі жаз маусымында салмағы 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойды.

  • 19 Мамыр 2014
  • 344
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, бұл шектеу Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Оңтүтік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында маусымның 1-інен тамыздың 31-іне дейін, ал, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1-маусымнан 15-тамызға дейін енгізіліп отыр.

Автокөлік жолдарына қатысты шектеу ауа температурасы 25 градустан асқан жағдайда жол жабындарын сақтау мақсатында енгізіліп отыр. Оңтүстікте оңтүстікте таңғы сағат 10-нан түнгі 10-ға дейін, орталық және солтүстік өңірлерде таңғы 11-ден кешкі 9-ға дейін салмағы ауыр жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынады.